Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 10 ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫ ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНЕ БАРАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 10 ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫ ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНЕ БАРАДЫҮстіміздегі жылдың 14-18 желтоқсан аралығында Қызылордада бокстан 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс аймақтық чемпионаты өткізілді.
5 күнге созылған жарысқа Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысты.
Осы жарыстың нәтижесі бойынша келесі жылдың қаңтар айында Астана қаласында болатын ҚР чемпионатына Қызылорда облысынан барлығы 10 спортшы жолдама алды. Сондай ақ, жарыс барысында ерекше көзге түсіп, жақсы өнер көрсеткені үшін облыстан тағы да 4 спортшы жолдамаға ие болды. Олар: Сұлтан Сәдуақас (50 келі), Мақсат Барлыбай (52 келі), Тілек Асқарұлы (54 келі), Ертуған Аханбек (57 келі).
Жарыста «Үздік боксшы» номинациясын оңтүстікқазақстандық Махмуд Сабырхан иеленсе, «Үздік төреші» номинациясымен Аманкелді Маканалин (Қарағанды обл.) және Арман Бүркітбаев (Ақмола обл.) марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: