Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры 7 наурыз күні басталады. Бұл жайында федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.
Қызылорданың "Қайсары" алғашқы ойынын өз алаңында өткізеді. 7 наурызда жерлестеріміз Талдықорғанның "Жетісу" командасын қабылдайды. Осы турдағы өзге ойындар төмендегіше: "Қайрат" - "Тобыл", "Ордабасы" - "Ертіс", "Тараз" - "Шахтер", "Ақтөбе" - "Атырау", "Астана"- "Оқжетпес".