Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ренат Абдулин: «Біз жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға тырысамыз»

Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Ренат Абдулин 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Исландия құрамасымен өтетін матч жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне әңгімелеп берді.    
       

Ренат Абдулин: «Біз жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға тырысамыз»

 

«Исландия құрамасы - өте байыпты қарсылас, олар мұны біздің іріктеу тобымыздағы ойындар арқылы көрсетті. Исландия футболшылары 9 ұпай жинады, - дейді Ренат Абдулин. – Біз де ойнай алатынымызды көрсеттік. Шеберлік жағынан Еуропаның жетекші құрамаларына есе жібереміз. Дегенмен, біз қарсыластарымызға жеңіске деген жігерді, өз алаңымыздағы жанкүйерлер қолдауын және алаңның барлық бөлігіндегі сауатты әрекетті ұсына аламыз.   
Біздің құрама тым жас және әр күн сайын алға жылжып келеді. Біздің футболшылар тәжірибе жинады, бұл команданың ойын деңгейіне айтарлықтай әсер ете бастады.    
Мен барлық жанкүйерлерді Қазақстан мен Исландия құрамаларының матчына шақырамын. Әр футболшы үшін әр жанкүйердің қолдауы маңызды. Біз жанкүйерлеріміздің үмітін ақтап, алаңда барлық күшімізді сарқуға тырысамыз».      
Еске сала кетейік, Қазақстан - Исландия матчы 28 наурыз күні сағат 21:00-де «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: