Ақпанның 15-і күні Қызылорданың «Қайсары» маусым алдындағы төртінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға қайта аттанады. Жерорта теңізінің жағалауындағы жиында Дмитрий Огай шәкірттерін үш жолдастық кездесу күтіп тұр.
Алғашқы қарсылас әлі нақтыланған жоқ. Әлде Украиннаның «Черноморец» командасы немесе Белоруссия астанасы Минскінің «Динамосы» болуы мүмкін. Ойын 18 ақпанға жоспарланған. Одан кейін ақпанның 21-інде командамызды Краснодардың «Кубані» күтіп тұр. Ал 25 ақпанда қызылордалықтарға Туланың «Арсенал» командасы қарсылас атанады. Жалпы алғанда Жерорта теңізінің жағалауында команда он күн жаттығып, 26 ақпанда елге оралады.