Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Ол ашуланды": Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі кезінде күтпеген оқиға болды – видео

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедовтың (12-0, 10 КО) Мексикада өткен жекпе-жегі кезінде ұйымдастырушылар шатасып басқа елдің әнұранын қойып жіберді. Бұл жөнінде Sputni Қазақстан жазды.  
Садриддин рингке көтерілгеннен кейін Қазақстанның емес, Канаданың әнұраны шырқалды. Ахмедов канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған және осы елде жаттығады. Сондықтан ұйымдастырушылар оны Канада өкілі деп ойлаған болуы мүмкін.   
Видеодан боксшы бұл жағдайға наразылық білдіргенін көруге болады. Жекпе-жектен кейін ол инстаграмда ұйымдастырушы тарапқа шағымданғанын айтты.
Ахмедовтың менеджері Анна Рева Sports.kz сайтына бокс кешінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Мексика тарапы әнұранды қойғанда қателесті. Садриддин Канададан ұшып келді. Шапан киіп, Қазақстанның туымен шықты, ал мексикалықтар шатастырып алды. Ол, әрине, ашуланды", - деді Рева.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте 23 жастағы қазақ боксшысы Нидерланды өкілі Стивен Даньоны төрешілер шешімімен жеңген болатын.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: