Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Кубокта "Қайсар" "Астананы" жеңе ме?

Кубокта "Қайсар" "Астананы" жеңе ме?«Қайсар» футбол клубы мамырдың 20-ы күні Қазақстан кубогының ширек финалы аясында өтетін «Қайсар» - «Астана» кездесуіне шақырады.
Сыр жеріне ел чемпионы елорданың «Астанасы» келеді. Ширек финалдық текетірестің жеңімпазы бір ғана кездесудің қорытындысы бойынша анықталатындықтан бұл ойында сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды. Команданы жартылай финалға бірге сүйрейік!
Ойын жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталады. Билеттер стадионның кассасында сатылады (ересектер билеті 200, балалар билеті 100 теңге). Матч Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионында өтеді.
Командамызға бірге қолдау көрсетейік! Бізге әр жанкүйердің қолдауы маңызды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: