Қазақстан футболшы Исламхан үшін УЕФА-дан араша сұрайды
Қазақстан футбол федерациясы Азия Футбол қауымдастығының Бауыржан Исламханға қатысты шешіміне наразылық білдірді, деп жазады 24.kz.
Бірлестіктің бас хатшысы Азамат Айтхожин отандасымыздың мүддесін қорғау үшін УЕФА-ға шағынатындарын мәлімдеді. Айта кетейік, аталған ұйым ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханды «допинг қолдандады» деп айыптап, екі жылға футболдан шеттеткен еді. Ал спортшы тестіден өтер алдында өзі өнер көрсетіп жүрген «Аль-Айн» футбол клубында қатаң карантинде болып, өзгерлермен бірдей ас-ауқат жегенін айтты.