"Астана" командасы әлемдік "Тиррено-Адриатико" көпкүндігіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған веложарыс 7-14 қыркүйек күндері Италияда өтеді. Жеті күнге созылатын бәсекеге "Астана Про Тим" сапынан Якоб Фульсанг, Александр Власов, Алекс Аранбуру, Юрий Натаров, Фабио Феллине, Оскар Родригес және Мануэле Боаро қатысады. Жарыстың спопрт директоры Александр Шефер мен Бруно Ченьялта болмақ.