Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА САНЫ БЕСЕУГЕ ЖЕТТІ

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА САНЫ БЕСЕУГЕ ЖЕТТІФилиппин астанасы – Манилада таеквондодан өтіп жатқан азиялық лицензиялық турнирде жерлесіміз Айнұр Есбергенова Бразлилияның Рио де Жанейро қаласында өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға жолдама алды. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.
Айнұр дүбірлі додада финалға дейін жетті. Осының нәтижесінде Олимпиада ойындарына жолдама алды. Ол № 1олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алады. Оның бапкері –  Николай Курноскин. Енді ол Тайпей спортшысымен 1 орын үшін бақ сынайды. Айта кетейік, бұл облысымызда Олимпиада ойындарына 5- ші жолдама алған спортшымыз болып отыр. Бүгінгі күнге дейін ауыр атлетлер – Илья Ильин, Александр Зайчиков, еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев, нысана көздеуші Коломейцев айтулы аламанға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: