Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасының 1/2 финалының жеребесі тартылды.
Онда "Барселона" (Испания) – "Бавария" (Германия), "Ювентус" (Италия) – "Реал" (Испания) командалары өзара жұп құрады. Алғашқы кездесу аты бірінші аталған командалар алаңында өткізіледі. Бірінші ойын 5/6 мамырда , қарымта кездесу 12/13 мамырда болады. Ақтық сайыс 6 маусымда Германия астанасы – Берлин қаласында өтеді. Бұл ойындағы алаң номиналдық алаң иесі "Ювентус" пен "Реал" командалары жұбының жеңімпазы болады.