Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылорда балуандары командалық есепте жеңімпаз атанды

Қызылорда балуандары командалық есепте жеңімпаз атандыАтырауда қазақ күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогында облыс құрама командасы командалық есепте жеңімпаз атанды. Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Біздің палуандар алғашқы белдесулерінде Павлодар және Атырау облысының спортшыларынан басым түссе, жартылай сында Қостанай спортшыларын және финалда Жамбыл облысының жігіттерін ұтып, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.
Команданың алға шығуына қармақшылықтар Бауыржан Райсов (55 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалым Әбдірахманов (74 келі), Мақсат Исақабыловтар (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі), Марат Баймаханов (+100 келі), байқоңырлық Дархан Сержанов (60 келі), жаңақорғандық Бағдәулет Төлегенов (82 келі), және жалағаштық Жайдарбай Есеновтер (82 келі) өз үлестерін қосты.
Екінші орынды - Жамбыл облысы, үшінші орынды - Атырау облысы және Астана қаласының командалары иеленді.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысуда. Бүгін жерлестеріміз жекелей сында бақтарын сынайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: