Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бағдат Исмаилов: "Әр ойында алаңға жеңіс үшін шығамыз"


 

 

«Байқоңыр» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бағдат Исмаилов Бірінші лиганың екінші туры аясында өткен «Байқоңыр» - ЦСКА ойыны туралы өз ойымен  "Қайсардың" баспасөз қызметімен былайша бөлісті.
- Бағдат, алғашқы жеңіспен құттықтаймын! ЦСКА командасын жеңу қаншалықты қиын болды?
- Иә, расымен де ойын оңай болған жоқ. ЦСКА қарымды команда. Кездесудің алғашқы минуттарында гол соғатын тамаша мүмкіндіктері болды. Бірақ абырой болғанда доп қақпамызға тура бағытталмады. Ал біз бүгін қалайда жеңіске жетуді ойладық. Ақыры мақсатымызға жеттік. Енді осы жеңісті жолымызды жалғастыру беруге тырысамыз.
- Бүгін сен әдеттегідей орталық жартылай қорғаныс шебінде емес, қапталда ойқастадың. Жаңа шепке ауысу қиын болған жоқ па?
- Бас бапкер қайда қойса, сонда ойнауға әзірміз ғой. Ең бастысы жеңіске жеттік. Демек, менің пайдам қапталда да тиді деп ойлаймын.
- Жалпы, ел біріншілігінде фавориттерге лайықты қарсылық көрсете аламыз ба?
- «Қыран», «Каспий», «Восток», «Қызылжар», «Спартак», «Ақжайық» сынды мықты командалар бар. Премьер-лигада доп тебуді көксейді бәрі. Дегенмен, біздің мақсатымыз – әр ойында жеңіске жетіп, қызылордалық қазақ жігіттерінің де доп тебе алатынын дәлелдеу.
- Жанкүйерлерге айтар тілегің бар ма?
-Бүгін жанкүйерлеріміздің қолдауларын жақсы сезіндік. Дегенмен, алдағы турларда стадионға бұдан да көп көрермен жиналса деп тілеймін. Біз де өз ойынымызбен оларды әрдайым қуанта беруге дайынбыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: