Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалықтар қазақ күресінен 35 медаль алды

Қызылордалықтар қазақ күресінен  35 медаль алдыОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 29-30 қараша күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Турнирге Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдерден 14 команда 300-ге жуық спортшы қатысты. 
Жарыс ұлдар арасында 6 салмақ дәрежесінде (38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, +66 келі), қыздар арасында 3 салмақта (40, 45, 55 келі) өткізілді. 
Турнирдің мақсаты - Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар және жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру, жастарды достыққа патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. 
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев пен Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 
Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары 35 жүлдені иеленді. Оның 9-ы алтын, 8-і күміс, 18-і қола медаль. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамота, медаль және ақшалай сыйақымен марапатталды. 
Екі күнге созылған жарыс нәтижесі төмендегідей: 
Ұлдар арасында: 
38 келі салмақта: 
І орын – Жақсылық Қалдыбай (ОҚО)
ІІ орын – Аслан Ботанбаев (Жамбыл обл.)
ІІІ орын – Нұршат Әбілтаев (спорт интернат)
ІІІ орын – Нұрсұлтан Досмұрат (Қызылорда қ.)
42 келі салмақта: 
І орын – Иманзада Бақдәулет (Қызылорда қ.)
ІІ орын – Бағдәулет Төлешов (спорт интернат)
ІІІ орын – Салымжан Ғалымжанұлы (Жамбыл обл.)
ІІІ орын – Нұрлан Амангелдиев (Атырау обл.)
46 келі салмақта: 
І орын – Нұрдәулет Мұратбекұлы (Қызылорда қ.)
ІІ орын – Мұсабек Исабекұлы (Шиелі ауд. Көкшоқы)
ІІІ орын –Темірлан Ермахан (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Мұхамбет Сағындық (Жаңақорған ауд.Түгіскен)
50 келі салмақта: 
І орын – Жұбаназар Абылай (Қазалы ауд.)
ІІ орын – Айдәулет Дүйсеахмет (Шиелі ауд.)
ІІІ орын – Нұрхан Қалыбек («Қажымұқан» спорт клубы)
ІІІ орын – Осман Керимов («Қажымұқан» спорт клубы)
55 келі салмақта: 
І орын – Омар Керимов («Қажымұқан» спорт клубы)
ІІ орын –Нұрдәулет Жақсылық (спорт интернат)
ІІІ орын – Жәнібек Оңталап (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Руслан Наурызбай (ОҚО)
60 келі салмақта: 
І орын – Рауан Бегалы (Қызылорда қ.)
ІІ орын –Нұрлан Файзуллаев (Жаңақорған ауд.Түгіскен)
ІІІ орын – Ринат Елеуліұлы (спорт интернат)
ІІІ орын – Олжас Әбдіқайым (Қызылорда қ.)
66 келі салмақта: 
І орын – Жанқожа Ағыбаев (Шиелі ауд.)
ІІ орын – Бижан Күлкеев (Жамбыл обл.)
ІІІ орын – Ринат Сағымбай (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Әбдімутәлі Мүсірәлиев (Шиелі ауд.Көкшоқы)
+66 келі салмақта: 
І орын – Айбек Ағыбаев (ШҚО)
ІІ орын – Нұрберген Алдаберген (Жаңақорған ауд.Түгіскен)
ІІІ орын – Шыңтас Қайырбек (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Сұлтан Серікбай (Жамбыл обл.)
Қыздар арасында: 
40 келі салмақта: 
І орын – Бибіхан Нәбиева (Қызылорда қ.)
ІІ орын – Жадыра Өмірқұл (ОҚО)
ІІІ орын – Гүлназым Талғат (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Аружан Темірғали (Қызылорда қ.)
45 келі салмақта: 
І орын – Малика Алпысбай (Қызылорда қ.)
ІІ орын – Анель Мұқан (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Ажар Құрмаева (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Зүлфия Баянова (Қызылорда қ.)
55 келі салмақта: 
І орын – Арайлым Ханзада (Жалағаш ауд.Мәдениет)
ІІ орын – Аружан Байзақ (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Қаламқас Бегалы (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Айдана Нұрғазы (Қызылорда қ.)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: