Қызылорданың "Қайсарына" бас бапкер қызметіне келуі мүмкін үміткер мамандар есімдері аталуда. Солардың бірі – Эдуард Глазунов.
Ол кезінде еліміздегі тәжірибелі футболшының бірі болды. Футболшылық кәсібімен қоштасқаннан кейін бапкерлік қызметке бет бұрды. Оның соңғы қызмет атқарған оры – Петропавлдың "Қызылжары". Аталмыш маманның еңбек өтілінде өзге де клубтар бар. 2004 жылы ол бірінші лигадағы Ақтаудың "Каспий" командасында еңбек етті. Команданы соңғы орындардан үздік үштікке орнықтырды. Одан кейін Премьер-лигада Талдықорғанның "Жетісу" клубында жұмыс жасады. "Жетісу" сол жылдарда еурокубок ойындарына қатысты. Осындай мүмкіндік оның Көкшетаудың "Оқжетпесінде" қызмет атқарған жылдарында да туды. Біршама уақыт Алматының "Қайратында" спорттық директор қызметін атқарды. Э.Глазунов "Қайсарға" келе ме? Оны алдағы уақытта білетін боламыз.