Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жайдарманшыны еске алу турнирі өтеді

Жайдарманшыны еске алу турнирі өтедіҚызылорда облысының жастар саясаты мәселелер басқармасы және «Қызық Орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қоры 2006 жылғы Республикалық «Үздік ойыншы» номинациясының иегері, ардагер ойыншы Балтабай Рүстемді еске алуға арналған «Жарқ еткен жас ғұмыр» атты кіші футболдан турнир өткізуді жоспарлауда. 
Жарыс 11 қаңтар күні №2 Қызылорда облысының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиядалық резерв мектебінде өтеді. 
Турнирдің мақсаты жоғары және орта арнаулы оқу орындары, аудан, ауыл аймақтарда жүрген жайдарманшылардың шығармашылығын дамыту, облысымыздан шыққан  аға буын жайдарманшыларды жастарға насихаттау.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: