Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболшы 50 жылға ойыннан шеттетілді

Футболшы 50 жылға ойыннан шеттетілдіШвейцарияның төртінші дивизионында ойын көрсететін "Португалия" клубының фуьболшысы 50 жылға футболдан шеттетілді. Бұл жайында The Guardian мәлім етті.
Команда қорғаушысы Рикарду Феррейра (Ricardo Ferreira) өзінің командасының жеңілісінен кейін ашуынан тізгін тарта алған жоқ. Алаң ортасына жүгіріп барды. Төрешінің бетіне доппен ұрып жіберді. Одан кейін дөрекі сөздермен оны балағаттай бастады. Төреші одан қашып кетіп, стадион ғимаратына бой тасаламақ болды. Қорғаушы оның ізінен еріп барып, оның бетіне су шашты. 
Әзірге бұл жөнінде аталмыш елдің федерациясы нақты шешім қабылдай қойған жоқ. Дегенмен, оның дөрекілігі үшін 50 жылға дейін футболдан шеттету ойластырылуда. Егер мұндай шешім қабылданып жатса, Феррейра 2064 жылға дейін ресми ойындарда алаңға шығу құқынан айрылады. Ол кезде бұзақылық танытқан футболшы 78 жасқа толады екен. 
Ол бұған дейін де мұндай жазаға тартылған. Ол қарсыласына тап бергені үшін және ойынның ресми өкіліне дөрекілік көрсеткені үшін 45 ойын бойы жасыл алаңға шыға алмаған еді.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: