Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ АЙНАЛЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

 ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ АЙНАЛЫМЫ АЯҚТАЛДЫАрал  ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған футболдан облыстық чемпионаттың  бірінші айналымы аяқталды.
7 тур бойынша өткізілген жарыс әр сенбі сайын қала мен аудан орталықтарында ұйымдастырылды. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысты. Жетінші тур ойындарының қорытындысы:  «Тұлпар» (Жалағаш ауд.)  -  «Қорқыт елі» (Қармақшы)  1:2, «Алпамыс-Орион» (Қызылорда) – «Тереңөзек» (Сырдария)  8:1, «Намыс» (Шиелі) - «Арал» (Арал)  7:2, «Сығанақ» (Жаңақорған) – «Жігер» (Қазалы)  1:0
Бірінші айналым қорытындысы бойынша Қармақшының «Қорқыт елі» командасы 16 ұпаймен көш бастап келеді. Олардың еншісінде 5 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс бар. Ал Жаңақорғанның  «Сығанағы» 5 жеңіс, 2 жеңілістен кейін 15 ұпай жинап, екінші орынға көтерілсе, одан кейінгі орындағы Қазалы ауданының «Жігер» клубының 4 жеңіс, 2 тең ойын, 1 жеңілісінен кейін қоржынына 14 ұпай түскен. 
8-тур ойындары 30 шілде күні Сырдария ауданында өтеді. Доп додасы 10 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: