Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Илья Ильин 4 дүркін әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Илья Ильин 4 дүркін әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)Қазақстандық Илья Ильин 105 кг дейінгі салмақта  өз атын мәңгілік есте қалдырды, деп хабарлайды 2014 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының ресми сайты. Айта кету керек, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында 94 кг салмақта жалпы жиынтығы 418 кг-мен, Илья 105 кг салмақтағы атлеттерді, сонымен бірге олимпиада чемпиондарын басып озды.
Ильяның өзі осы салмағынан өтіп, осы салмақта ойын көрсететін барлық зілтеміршілерді қамықтырды. Өз елінің тақтай тұғырында Ильиннің алтын медальға басты үміткер болғаны заңдылық екеніне ешкім күмән келтірген жоқ.
Бұл күнді бұған дейін "Ильин Күні" деп атаған болатын, мұнда жаңа әлемдік рекордтар жасалып, өз жеріміздегі әлем біріншілігінің сөзсіз алтын медалін алу болжанды. Ең атақты Қазақстанның ауыр атлетшісі және қазірдің өзінде әлемдік ауыр атлетиканың нағыз аңыз адамы атанған спортшы өзін арнайы қолдап келген, мінбе толы жанкүйерлерінінің сенімін ақтады.
Бірінші жаттығуында шағын "алтын" алған Өзбекстан өкілі, 2013 жылғы әлем чемпионы, Азияның екі мәрте чемпионы және Қазанда өткен Универсиаданың жеңімпазы Руслан Нурудинов "серпи көтеруде" барлық үш талпынысын да мұқият орындады. Азия ойындарының қазіргі чемпионы Қытайдан келген Ян Чжэ 191 кг-мен екінші орында, және "жұлқуда" үшінші орын бірінші жаттығуда 190 кг-ны бағындырған Илья Ильинге бұйырды. Екі мәрте Еуропа чемпионы және өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Давид Беджанян 187 кг салмақпен жұлқи көтеруде төртінші орынды иеленді.
Осы жаттығуда жастар арасындағы әлемдік рекорд жаңартылғанын ерекше айта кету керек. Сонымен оны үш рет жаңартқан - Армениядан келген 17 жасар Симон Мартиросян 183 кг-ны "жұлқи көтерді". Екі рет жұлқуында "сәтсіздік" тіркелді. Өз ойынына көңілі толмаған, осы жылғы Панамерикалық ойындардың жеңімпазы эквадорлық Хорхе Арройо және өз еліндегі Олимпиада ойындарына қазірдің өзінде дайындалып жүрген, бразилиялық спортшы Патрик Мендес еді. Алайда, егер Арройо әрі қарай ойын көрсетуден бас тартса, бразилиялық бар күшін жинап, екінші жаттығуға қатысты және оны 206 кг салмақпен аяқтады.
Екінші жаттығуда медальға негізгі тартыс 230 кг салмақпен жалғасты. Және күрес, күтілгендей үш спортшы - Илья Ильин, Руслан Нуридинов пен Давид өріс алды. Барлық спортшылардың соңғы талпыныстары шындығында таң қаларлық болды. Әлемдік рекордты бірінші Руслан Нуридинов 239 кг-ны серпи көтеріп жаңартты. Бұл салмақ Ильинге бұйырмады, сол сәтте-ақ рекордты Ресейден келген Беджанян 240 кг-ны көтеріп, жаңартты. Соңғы және шешуші талпынысты Илья жасады, ол 242 кг салмақтағы зілтемірді көтеріп алып, және бүгінгі күні "серпуде" үшінші рет әлемдік рекордты жаңартты және елімізге әлем чемпионатының басты "алтын" медалін әкелді!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: