ҚАЗАЛЫДА ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ-2016» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ
5-9 қазан күндері аралығында Қазалы ауданында «Алтын күз-2016» облыстық спартакиадасы өткізіледі.
Бағдарламаға сәйкес спорттың 15 түрінен жарыстар ұйымдастырылмақ. Спартакиадаға Қызылорда қаласы және аудандардан барлығы 1000-дай спортшы қатысады деп күтілуде.
Футбол, жүгіру – Жалаңтөс баһадүр стадионында, Баскетбол - №249 мектеп-лицей залында, Волейбол - Спорт кешенінде, Үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ - №266 мектеп-лицей залында, Граната лақтыру, пневматикалық мылтық ату – 216 мектеп алаңында, Қазақ күресі – 17 спорт мектебінің залында, Қол күресі, гір тасын көтеру – аудандық оқушылар үйінің залында, Қол добы - №204 мектептің залында, Көкпар, Теңге алу, Аударыспақ – Әйтеке би кентінің көкпар алаңында өткізіледі.