Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АРАЛДА АУЫР АТЛЕТИКАҒА МӘН БЕРІЛДІ

АРАЛДА АУЫР АТЛЕТИКАҒА МӘН БЕРІЛДІ№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі 2014 жылдан бастап ауданымызда ауыр атлетика спортын дамытуды қолға алуда.
2016-2017 оқу жылынан бастап №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне осы мақсатта білікті мамандар шақырылды. Қазір жас спортшыларды жаттықтыруға ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының 6 дүркін чемпионы, ҚР Спартакиадасының жеңімпазы Айбол Алдабергенов келді. Қазір Айбол ауыр атлетикамен айналысуға тілек білдіруші жастарды жинақтау үстінде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: