Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Блаттер ФИФА Президенті болып қайта сайланды

Блаттер ФИФА Президенті болып қайта сайланды79 жастағы Зепп Блаттер  1998 жылдан бері ФИФА ұйымын басқарып келе жатыр. Бұл жөнінде "Аламан" хабарлайды. 
Дауыс беру нәтижесі Цюрихтегі ФИАФА конгресі аясында өткен дауыс берудің бірінші турында Блаттер 133, Иордания ханзадасы Али бин Аль-Хусейн 73 дауыс алды. Үш бюллетень жарамсыз деп танылды. Ереже бойынша,  ірінші турда 140 дауыс алғанда бірден жеңіске жетеді. Блаттердің жинаған дауысы бұл межеге жетпегендіктен екінші тур ұйымдастырылуы тиіс еді.
Бірақ Али бин Аль-Хусейн екінші турға қатысудан бас тартты. Екінші кандидаттың шешімінен кейін Блаттер 2019 жылға дейін ФИФА президенті сайланды.
Сайлау алдында Цюрихте онға жуық ФИФА қызметкерлері мен футбол шенеуніктері коррупцияға қатысы бар деп тұтқындалған. Көптеген европалық елдер бұл шуға Блаттердің қатысы бар деп кінәлайды. Англия футбол федерациясы егер Блаттер президенттікке қайта сайланса 2018 жылғы әлем чемпионатына байкот жариялайтынын мәлімдеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: