Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Биыл Қазалыда спорт кешені салынады

Биыл Қазалы ауданына қарасты Қ.Пірімов атындағы ауылда спорт кешені салынады. Бүгінгі таңда құрылысқа қажетті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүріп жатыр.
Жеңімпаз анықталған соң құрылыс жұмыстары басталады. Спорт кешенінде еркін, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокс үйірмелеріне арналған залдар қарастырылған.
Сонымен қатар, киіну, жуыну, медициналық, жаттықтырушылар, құрал-жабдықтар сақтау, техникалық бөлмелермен жабдықталады.
Одан бөлек, жобада автономды бу қазандығы, қоқыс контейнерлері, септик, трансформатор қондырғысы, автотұрақ қарастырылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: