Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан жастар құрамасына Германиядан төрт ойыншы шақырту алды

Германия чемпионатының төрт футболшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Олар - Роберт Бергер («Энерги», 1996 ж.), Андрей Старцев («Санкт-Паули», 1994 ж.), Иван Саханенко («Саарбрюкен», 1997 ж.) және шабуылшы Макс Шибак («Швайнфюрт», 1995 ж.).Төрт ойыншының да түпкі тамыры Қазақстанмен байланысты. Барлығы да Қазақстан құрамасында ойнауға ниет білдіріп отыр.
- Қазақстан жастар құрамасының орталық алаңында олқы тұстар бар – орталық қорғаушы, орталық жартылай қорғаушы және шабуылшы, - дейді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис. – Қазіргі уақытта біз команданы күшейту жолдарын қарастырып жатырмыз. Дубль және бірінші лига командаларымен қатар, арғы тегі қазақстандық саналатын және шетелдік чемпионатта ойнайтын қазақстандық футболшыларды бақылауда ұстап келеміз. Алдағы оқу-жаттығу жиынына Германиядан төрт футболшы шақырылды. Олардың арғы тегі қазақстандық, сондықтан футболшылар тарихи Отанында ойнауға ниет білдіріп отыр. Біз оларды қарап шығамыз. Егер Қазақстан жастар құрамасын күшейте алатын болса, онда олар әріқарай командаға шақырту алатын болады.
Еске сала кетейік, 23-31 наурыз аралығында Қазақстан жастар құрамасы Эстонияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: