Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАРДЫҢ» ҚЫЗДАРЫ ЖАҢА АВТОБУС МІНЕТІН БОЛДЫ

«ҚАЙСАРДЫҢ» ҚЫЗДАРЫ ЖАҢА АВТОБУС МІНЕТІН БОЛДЫ

 

Қызылорда облысында 26 қазан – 1 қараша аралығында гандболдан әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының 1-ші Азия чемпионаты аяқталды. Оған Иран, Катар, Өзбекстан және Қазақстаннан 6 клуб қатысып, жеңімпаздар анықталды.
Нәтижесінде 10 ұпаймен Қызылорданың «Қайсар» гандбол клубы бірінші орынды иеленіп, автобустың кілті табысталды. 
Айта кетейік, әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының бірінші Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы болып «Қайсар» клубы атанды. 8 ұпаймен екінші орынды «Алматы» ГК иеленсе, 6 ұпаймен үшінші орынды Алматы облысының «Іле» клубы еншіледі. Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом, кубоктармен марапатталды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: