0
Футбол төрешілері ақ қағазбен де ескертеді
УЕФА Президенті Мишель Платини жақын арада футбол ережесі заңнамаларына жаңа өзгерістер енгізуге қызу кірісіп кетті, деп хабарлайды "Қазақ футболы"
Егер әдетте төреші тарапынан ереже бұзушыларға сары және қызыл қағаз берілетін болса, енді олардың қатарына ақ қағаз беру идеясы қозғалып отыр.
Мишель Платинидің пайымдауынша, кейбір эмоционалдық өзгерістер орын алған жағдайда, алаңды бірнеше минутқа босату үшін ақ қағаз беріледі.
Идея авторы айтуы бойынша,ақ қағаз ереже бұзушыға өз сабасына түсіп, алаңға қайта шығуына мүмкіндік береді деп сендіруде.