Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Астанада дзюдодан Әлем біріншілігі өтеді

Астанада дзюдодан Әлем біріншілігі өтедіАстанада 24-30 тамыз аралығында дзюдодан Әлем біріншілігі өтеді. Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазспорт.
Сонымен қатар, елордаға 1000-ға жуық қонақ келмекші. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсекеде өз елдеріне ақпарат тарату үшін әлемнің 160 журналисі тіркеуден өтуге өтініш жасаған. Бұл чемпионат Рио Олимпиадасы қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды болмақ.
Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдынында өтеді. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі.
Халықаралық дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен ресми баспасөз-конференциясы 23 тамызда сағат 14:30-да «Rixos» қонақ үйінде өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: