Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Аралдық спортшылар Мағыстаудан олжалы оралды

Аралдық спортшылар Мағыстаудан олжалы оралдыМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында еркін күрестен спорт ардагері және белгілі жаттықтырушы Қ.Б. Жолдасовты еске алуға арналған I-ші қалааралық турнир өтті. 
Аталған турнирде №19 Арал ауданы олимпиядалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жас палуандары үш алтын, екі қола медаль иемденді, делінген Арал аудандық спорт бөлімінің мәліметінде.
Атап айтсақ 63 кг салмақ дәрежесі бойынша – Кәрімжан Қайыржанұлы, 38 кг салмақ дәрежесінде – Талап Қуанышбаев, 35 кг салмақ дәрежесі бойынша – Ерсұлтан Әділқанов алтын медальді қанжығаларына байлап қайтты. Қола медальді 54 салмақ дәрежесінде – Нұрбол Сағыбаев және 42 кг салмақ дәрежесі бойынша Нұрабек Айтуғанұлы иемденді. 
Жас палуандарды №19 ААОРМБЖМ-нің жаттықтырушылары 1-ші санатты Бауыржан Жүсіпов және Жасқанат Ержанов жаттықтырады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: