Жаңақорғанда 2000-2003 жылдары дүниеге келген жастар арасында көкпар мен аударыспақтан ел біріншілігі мәресіне жетті.
Аталған шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды.
Нағыз мықтылар қатысқан бұл чемпионат өз жеңіпаздарын айқындап берді.
Еліміздің ең азулы шабандоздары жиналған Жамбыл облысының «Әулие Ата» командасы I орынды, Алматы қаласы II орынды, ал Шымкенттің жас шабандоздары III орынды иеленді.
Өкінішке орай, көкпар, аударыспақ, теңге алу, жамбы атудан облыстың намысын қорғап жүрген жаңақорғандық жастар бұл додада жолы болмады. Осыған дейін талай додаларда үздіктердің үздігі атанған шабандоздар жүлдесіз қайтты.