Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКСТАН ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БОКСТАН ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ14 желтоқсанда Қызылорда қаласында бокстан 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс аймақтық чемпионаты басталады.
Шаршы алаңда Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда, 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері сынға түседі. Қызылорда облысының намысын 27 спортшы қорғайды.
Жарыстың құрметті қонағы Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов қатысады.
Бұл жарыс келесі жылдың қаңтар айында Астана қаласында болатын ҚР чемпионатына спортшыларды іріктеу болып табылады. 
Чемпионаттың басталуы 14 желтоқсан сағ.14.00-де (№2ОРМБЖМ), салтанатты ашылуы сағ.16.00-де. 
Жарыс 18 желтоқсан күні аяқталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: