Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бүкіләлемдік ойындарда күміс жүлде алды

Бүкіләлемдік ойындарда күміс жүлде алдыОңтүстік Кореяның астанасы – Сеул қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Бүкіләлемдік ойындарда жерлесіміз Ислам Салимов жақсы ойын көрсетті. Ол облыстың спорт тарихында өзіндік із қалдырды. 
Әлемнің 60 мемлекетінен қатысқан ойындар бағдарламасында жеңіл атлетикадан сынға түскен Ислам ұзындыққа секіруден күміс жүлдені иеленді. Ол 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көз жанарынан II топтағы мүгедек. 2003 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысып келеді. Ислам бұған дейін 2 дүркін Паралимпиадалық Азия ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылғы жазғы Паралимпиада  ойындарының қатысушысы, халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы мен жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 
Исламның спорттағы жеңістеріне өзіндік үлес қосқан тәжірибелі бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы -  Юрий Мощеев.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: