Республикалық басылымдардың хабарлауынша, 28 жастағы жартылай қорғаушы Вадим Боровский Қызылорданың "Қайсар" құрамына енуге күш салмақшы.
В.Боровский Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Кеншілер командасының сапында Қазақстан чемпионатында 55 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 2 доп соқты. Одан кейін "Алматы" (99 ойын, 7 гол), "Атырау" (6 ойын, 1 гол) командаларында ойын көрсетті. Жалпылай алғанда, Қазақстан Пермьер-лигасында 160 кездесуде жасыл алаңға шығып, 2 мәрте қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Өткен маусымда кеншілер командасында 10 ойында 2 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Қазақстан жастар құрамасы сапында (U-21) Еуропа біріншілігінің үш іріктеу кезеңіне қатысып, 14 ойында 2 мәрте қанжығасын майлады.