Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

ҚАЗАЛЫДА ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы аудандық футбол федерациясының кубогі үшін футболдан жарыс өтті. 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Қазалы аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен 2 күн өткен жарысқа 11 командадан 140 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысымен «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» командасы чемпион атанды. Екінші орынды №249 мектеп-лицей, үшінші орынды Қазалы қаласы мен №70 мектеп командалары иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық футбол федерациясының мақтау қағаздар, кубок және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: