Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІҚызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 15-20 сәуір аралығында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аймағымызда екінші мәрте ұйымдастырылған велошабандоздар жарысына Астана, Алматы қалаларынан және Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Қызылорда облыстарының командалары қатысты. 
Бес күн бойы өткен жарыс қорытындысында 25 шақырымдық жекелей жарыста Илья Горбушин (Павлодар обл.) бірінші болып жетті. Қалған орындарды Игорь Чжан (Алматы обл.) мен Дінмұхаммед Ұлысбаев (Жамбыл облысы) бөлісті. 70 шақырымдық айналма жарыста қызылордалықКарим Бузин топ жарды. АстаналықИван Зайцев екінші орынды алса, үшінші орынды жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаев еншіледі. 
100 шақырымдық топтық жарыста Павлодар облысының спортшысы Никита Соколовжеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарға қостанайлық Даниил Марухин мен батысқазақстандық Андрей Молотков орналасты. 
100 шақырымдық айналма топтық жарыста астаналық Вадим Пронский жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Жамбыл облысының спортшысы Дінмұхаммед Ұлысбаев алса, үшінші орынды қостанайлық Даниил Марухиниеленді. 130 шақырымдық топтық жарыста жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаевтың мерейі үстем болды. Күміс жүлдеге Никита Соколов(Павлодар обл.), қола жүлдеге Игорь Чжан (Алматы обл.) ие болды. 
5 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшылар анықталды. Нәтижесінде павлодарлық Илья Горбушин алтын медальді иеленіп, оған жеңімпаз жейдесі табысталды. Күміс жүлдегер жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаев атанса, Қостанай облысының спортшысы Даниил Марухин қола жүлдеге қол жеткізді. 
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды - Жамбыл облысының спортшылары еншілесе, екінші орынға – Алматы облысы, үшінші орынға – Қызылорда облысының спортшылары ие болды. Сондай-ақ, «Ең белсенді велошабандоз» жүлдесімен павлодарлық Никита Соколов марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: