Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Өрендер "Бақытты балалық шақ" жасады

Өрендер "Бақытты балалық шақ" жасадыҚызылорда облысының №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде 1-маусым "Балаларды қорғау күніне" арналған спорт түрлерінен бөлімшелер арасында "Бақытты балалық шақ" атты эстафеталық жарыс өтті. 
Аталмыш мектептен 9 бөлімшеден 100-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыс нәтижесінде эстафетадан самбо бөлімшесінің спортшылары озық шықса, екінші орынды қазақ күресі бөлімшесі, үшінші орынды грек-рим бөлімшесі иеленді. Арқан тартудан қазақ күресі бөлімшесінің спортшылары өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Екінші орынды грек-рим күресі, үшінші орынды дзюдо бөлімшелері еншіледі. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің кәсіподақ ұйымы тағайындаған диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: