Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» СУДАННЫҢ «АЛЬ-МЕРРЕЙХ» КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

 

Бүгін, 17 желтоқсанда «Қайсар» Суданның «Аль-Меррейх» командасымен кездеседі. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz мәлім етті. 
Жерлестеріміздің бүгінгі қарсыласы өз елінің атақты клубтарының бірі саналады. «Аль-Меррейх» 1908 жылы «Аль-Масалам» атауымен құрылған. Командамен аттас 42 мың жанкүйер сыятын стадионда ойын көрсетеді. Оларға бразилиялық бапкер Эрон Рикардо Феррейра жетекшілік жасайды. 
Дерек көздеріне сүйенсек, аталмыш команда Судан елінің футболындағы ең мықты екі клубтың бірі болып табылады. «Аль-Меррейх» 18 мәрте ел біріншілігінде жеңіс тұғырына көтерілді. Олар мұндай атақты Омдурман қаласының «Аль-Хиляль» командасынан бұл жөнінен 6 мәрте аз алған. Дегенмен, олар жеңіс қоржынында құрлықтық трофейді алған Суданның әзірге жалғыз командасы саналады. 1989 жылы «Аль-Меррейх» КАФ кубок иелерінің кубогы бәсекесінде Нигерияның «Бендел Юнайтед» клубын қос ойынның нәтижесінде 1:0 есебімен сүріндіріп, аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды. 2007 жылы КАФ Конфедерация кубогы бәсекесінде ақтық финалға дейін шығып, Тунистің 
«Сфаксьен» клубына 2:5 есебімен жол беріп қойды. 2008 жылы ел біріншілігі мен кубогын қатар иеленді. Ал 2010 жылы ел кубогына 20 мәрте қол жеткізді. 
 «Қайсар» мен «Аль-Меррейх» командалары арасындағы кездесу Астана уақытымен 19.00-де басталады деп күтілуде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: