Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен Әубәкіров Қаныш Қайдарұлы Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Сонымен қатар, ол Федерацияның бірінші вице-президенті міндеті де қоса атқарады.
Айта кету керек, Қаныш Әубәкіров 2011 жылы Қазақстан футбол федерациясында бірінші вице-президент қызметін атқарған еді.
Қаныш Қайдарұлы мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда жетекші қызметтерде еңбек еткен. «Құрмет» орденінің иегері.