Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 34 МЕДАЛЬ АЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 34 МЕДАЛЬ АЛДЫҮстіміздегі жылдың 27-28 қараша күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдерден 13 команда қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев пен Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар мен демеушілердің грамота, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыста оңтүстікқазақстандық Жаңбырбай Еркебұлан «Үздік әдіс көрсеткені үшін» номинациясымен марапатталды.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесі төмендегідей:
Ұлдар арасында:
26 келі:
І орын Мейіржан Ержігіт (Қызылорда обл.)
ІІ орын Думан Сәдуақас (Ақтөбе обл.)
ІІІ орын Әліхан Қазымов (Ақтөбе обл.)
ІІІ орын Әбдіраман Тұрсын (ОҚО)
42 келі:
І орын Дәулет Тұрғанов (Қызылорда обл.)
ІІ орын Мұхит Шерәлиев (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Ескелді Қаһарман (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Азамат Таужанов (Қызылорда обл.)
46 келі:
І орын Нұрсұлтан Досмұрат (Қызылорда обл.)
ІІ орын Жасұлан Тамабай (ОҚО)
ІІІ орын Айдос Балтабаев (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Нұршат Әбілтаев (Қызылорда обл.)
51 келі:
І орын Бағдәулет Иманзада (Қызылорда обл.)
ІІ орын Ерасыл Зейноллаев (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Нұржан Қалыбай (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Дәурен Молдахмет (Қызылорда обл.)
57 келі:
І орын Олег Калеков (Қарағанды обл.)
ІІ орын Бауыржан Хуанган (Қарағанды обл.)
ІІІ орын Жаңбырбай Еркебұлан (ОҚО)
ІІІ орын Ердәулет Темірбаев (Қызылорда обл.)
64 келі:
І орын Айбол Әбдікерім (Қарағанды обл.)
ІІ орын Ринат Елеуұлы (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Өмірзақ Рахметов (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Абылайхан Жұбаназар (Қызылорда обл.)
72 келі:
І орын Сұлтан Зарықбай (Жамбыл обл.)
ІІ орын Ермек Сақтағанов (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Әбдімүтәліп Мұрсәлиев (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Данияр Байболат (Қызылорда обл.)
+72 келі:
І орын Ертөре Ағыбаев (Қызылорда обл.)
ІІ орын Нұрберген Алдаберген (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Спандияр Алмаханов (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Ринат Тоғысов (Қызылорда обл.)
Қыздар арасында:
40 келі:
І орын Бибіхан Нәбиева (Қызылорда обл.)
ІІ орын Наргиз Войсова (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Фариза Қайырбек (Қызылорда обл.)
44 келі:
І орын Малика Алпысбай (Қызылорда обл.)
ІІ орын Гүлназым Талғат (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Айым Зәріп (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Диана Ғайбулла (Қызылорда обл.)
63 келі:
І орын Қаламқас Бегалы (Қызылорда обл.)
ІІ орын Мөлдір Маханбет (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Айдана Нұртаза (Қызылорда обл.)
ІІІ орын Элеонора Алпысбаева (Қызылорда обл.).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: