Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан құрамасы 16 маусымда жолдастық кездесу өткізбейді

Қазақстан құрамасы 16 маусымда жолдастық кездесу өткізбейдіФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 16 маусымда Алматының орталық стадионында ешқандай жолдастық кездесу өткізбейді. Бұдан бұрын алдымен Кабо-Верде, одан кейін Уганда құрамаларымен жасыл алаң төрінде шеберлік байқасу ойластырылған. 
Бір айдай бұрын Кабо-Верде құрамасы Қазақстанға келеді деп жоспарлаған. Дегенмен, соңғы аптада олар біздің құрамамен жолдастық кездесу өткізуден бас тартқан. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы олардың орнына Угандамен ойнау мақсатында алдын-ала келісім жасаған еді. Олардың жол және басқа шығындарын ҚФФ өз мойнына алған. Дегенмен, африкалық құрама уақыттың өте тығыздығын алға тартып, одан да бас тартқан көрінеді. Сонымен, 16 маусымда Қазақстан құрамасы ешқандай ойын өткізбейтін болды.  
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: