"Қайсардың" бұрынғы ойыншысы Австралияға қарсы ойнады
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі Азия құрлығында басталып кетті. Былтыр Қызылорданың "Қайсар" командасында ойнаған Антон Землянухин ойын көрсететін Қырғызстан құрамасы өз алаңында В тобында Австралияны қабылдады.
Антон 90 минөт бойы жасыл алаң төрінде ойнады. Дегенмен, қырғыз футболшылары Мил Единак пен Том Оар соққан екі допқа Азамат Байматовтың еншісіндегі жалғыз голмен ғана ажуап қайырды.
Айта кетелік, А.Землянухин 1988 жылдың 11 желтоқсанында Қырғызстанның Кант қаласында дүниеге келген. Сол қаладағы "Абдыш-ата" командасында үлкен футболға қадам басқан. Одан кейін Түркияның "Гиренеспор" (2007-2011) командасы құрамында болғанымен, 2009 жылы "Абдыш-ата", 2010-2011 жылдарда "Тараз" командалары жалға алған. 2011-2012 жылдарда қайтадан "Абдыш-ата" клубына қайта оралды. Одан кейінгі жылдарда "Ақтөбе" (2012-2013), "Қайрат" (2013), "Қайсар" (2014) командасында ойын көрсетті. 2015 жылы Сербияның "Раднички" клубымен келісім-шартқа отырды.
Антон бұдан да 2007-2010 жылдарда Қырғызстан құрамасында ойнаған. Одан кейін үстіміздегі жылдың наурызында Ауғанстанға қарсы кездесуде ұлттық құрама сапында жасыл алаңға шықты.