Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңырдың" біріші лигадағы тұңғыш жеңісі

"Байқоңырдың" біріші лигадағы тұңғыш жеңісіҮстіміздегі жылы футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде сынға түсіп жатқан Қызылорданың "Байқоңыр" командасы өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізді.
«Байқоныр» – ЦСКА 2:1 (1:0)
Голдар: Карабек 21 (1:0), Андреев 63 (1:1), Төлегенұлы 83 (2:1)
Төреші: Деньгин (Қарағанды)
18.04.2015. Қызылорда. «Локомотив». 500 адам. 
Команда өз тарихында алғаш рет бірінші лигадағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Кездесудегі алғашқы гол 21 минөтте соғылды. Оны "Қайсар" ойыншысы Асхат Қарабек өз еншісіне жазды. Ал 63 минөтте ЦСКА сапынан Денис Андреев таразы басын теңестірді. "Байқоңырдың" қорғаушысы Медет Төлегенұлы 83 минөтте өз командасына жеңіс сыйлаған голдың авторы атанды.
Осы турдан кейін "Байқоңыр" турнир кестесінде 7 орынға көтерілді. Көш басында 6 ұпаймен "Восток" командасы келеді. 
"Байқоңыр" келесі турға қатыспайды. Ал 4 турда Петропавл қаласына жол тартып, онда жергілікті "Қызылжар" командасымен 3 мамырда шеберлік байқасады. Ал өз алаңында 9 мамырда Семейдің "Спарак" клубын қабылдайды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: