Семей қаласына қонаққа барған Қызылорданың «Байқоңыр» командасы жергілікті «Спартактан» жеңіліп қалды. Бірінші лиганың 17-туры аясында бұл ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
"Спартак" - "Байқоңыр" 2:0
Голдар: Данилюк 60, Матвиенко 76
Ескертулер: Аяғанов 66, Куцов 74
"Спартак": Колбунцов, Сәкенов, Волков, Куцов, Күнов, Аяғанов (Бірқұрманов 85), Малышев, Байжанов, Пеев, Данилюк (Матвиенко 73), Задорожный
Резерв: Овчинников, Овшинов, Насибуллин, Парагульгов, Укалаев.
"Байқоңыр": Исламқұлов (Тілеуов 79), Бекбанов (А.Исмаилов 27), Рахметов, Төлегенов, Төлегенұлы, Н.Дастанов, Дүйсенбаев, Б.Исмаилов (Ыбыраев 65), Қарабек, Көшеков, Тілеуқабылов (Дүйсембаев 63)
Резерв: Б.Дастанов, Кемалұлы, Пахаев
Төрешілер: Рустам Омаров (Алматы), Артем Конивец (Сараң), Еркінбек Әуелбеков (Шымкент)
Семей. "Спартак" стадионы. 1500 көрермен
Бірнеше ай бойы жалақыларын ала алмай, әбден қаржыдан қағажу көрген «Спартак» футболшыларын ойыннан бір күн бұрын Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қабылдап, қыркүйектің 10-на дейін қарыздарынан толық құтылатынына және маусымның соңына дейін жететіндей қаржының бөлінетініне уәде берген болатын. Сондықтан болар, «Байқоңырға» қарсы «Спартак» ойыншылары алаңға көңілдері тоқ шықты.
Дегенмен, «оңай шағылар жаңғақ емес» екендіктерін дәлелдеп жүрген Ерлан Шойтымов шәкірттері барынша көсілді. Бір сағат бойы қарсыласып бағып, тек 60-минутта ғана қамалдары бұзылды. Гол соққан Тарас Данилюк болатын. Араға 15 минут қақпамызда екінші доп тулап жатты. Бұл жолы Данилюкті алмастырған Матвей Матвиенко есепті еселеді.
Енді «Байқоңыр» келесі кездесуін 12 қыркүйек күні шығыстың тағы бір командасы Өскеменнің «Востогына» қарсы өткізеді. Ал Қаратаудың «Лашыны» қаржы тапшылығына байланысты біріншіліктен шығып қалғандықтан 29 тамыз күні өтуі тиіс болған кездесуде жерлестерімізге автоматты түрде жеңіс жазылады.