Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Әлем чемпионатында күміс жүлде алдыЖақында Босния және Герцеговинаның  Сараев қаласында  әйелдер күресінен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз,  №1 облыстық  олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Асылзат Сағымбай  күміс жүлдегер атанды. Бұл оның халықаралық жарыстағы алғашқы жетістігі. 
Ол 40 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Асылзат  жарыс барысында 3 кездесу өткізіп, алғашқысында Белоруссия спортшысын 12:7 есебімен ұтса, екінші кездесуде жапондық қыздан басым түсіп, 3:1 есебімен таза жеңіске жетті. Алайда финалда Ресей спортшысынан ұтылып қалды.  
А.Сағымбай  2000 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 10 жасынан бастап еркін күреспен айналысып келеді. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі.  Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Асылзатты білікті бапкер  Жандос Бөрібеков жаттықтырады. Айта кетейік, Қазақстаннан 9 спортшы барып, 3-уі жүлделі оралды. Олар: күміс жүлдені иеленген жерлесіміз Асылзат болса,  қола жүлдегерлер Қостанай және Алматы облысының спортшылары. 
Әйелдер күресінен  жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Жандос Бөрібековтің айтуынша, үстіміздегі жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысында  болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына  Асылзатпен бірге Зина Қыстаубаева, Мөлдір Алдабергенқызы, Жаннұр Жанабаева, Айша Қаппар, Назерке Досан,  Әсел Аждар, Аружан Сартайлар облысымыздың намысын қорғайтын болады.  


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: