Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Елжас Сарыбай жасөспірімдер құрамасына шақырту алды

Елжас Сарыбай жасөспірімдер құрамасына шақырту алды«Қайсар» футбол клубы қосалқы командасының ойыншысы Елжас Сарыбай Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырту алды.
Айта кетейік, бұл күндері Ойрат Садуов бастаған 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Алматы қаласының іргесіндегі «Талғар» базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Қарашаның 9-ына дейін жалғасатын бір аптаға созылатын жиын барысында Ойрат Батталұлы жасөспірімдердің чемпионаттан кейінгі баптарын бақылайтын болады. 17 жастағы Елжас Сарыбай «Қайсар» қосалқы командасының оң қапталдағы қорғаушысы, орталық қорғаныс шебінде де ойнай алады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: