Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ненад Эрич: «Сенімді ақтауға дайынмын»

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Исландия құрамасымен өткізетін матчтқа дайындықты бастады.     

Ненад Эрич: «Сенімді ақтауға дайынмын»

 

Кеше футболшылар «Астана Арена» стадионында алғашқы жаттығуын өткізді. Бүгіннен бастап күніне екі рет жаттығу өткізеді. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.       
Астанаға қосымша тізімнен «Ордабасы» қақпашысы Андрей Сидельников шақырылды. Ол Ненад Эрич, Стас Покатилов, Владимир Логиновский және Владимир Плотниковпен қатар Виталий Кафановтың жетекшілігімен дайындалады.            
«Құраманың көңіл-күйі жақсы. Барлығы күшін толық жұмсап, жұмыс істеуде - дейді Премьер-Лиганың үшінші турында алған жарақатына қарамастан дайындық жүргізіп жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы Ненад Эрич, – Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алу - мен үшін аса маңызды, Өзімді жақсы сезініп жүрмін, жаттықтырушылар негізгі құрамның орнын сеніп тапсырса, үмітті ақтауға тырысамын.           
Исландия - қазіргі таңда топ көшбасшыларының бірі. Командада Еуропаның жетекші чемпионаттарының футболшылар жинақталған. Мен олармен ойнауға болады деп ойлаймын. Біз оларға жеңіске деген ынтаны, тактикалық сауатты әрекеттерді ұсына аламыз. Алаңда күшімізді толық жұмсаймыз. Бас бапкер теориялық жиында қарсыластың әлсіз тұстарын көрсетеді. Оларды пайдаланып, нәтижеге қол жеткізуге болады.           
Біз үшін Исландмиямен өтетін ойынға жанкүйерлердің көп келгені маңызды. Өйткені, біздің 12-ші ойыншының қолдауы жасыл алаңдағы тартыста қарсыласты жеңуге жігер береді.          
Еске сала кетейік, Қазақстан - Исландия матчы 28 наурыз күні сағат 21:00-де «Астана Арена» спорт кешенінде басталады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: