Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ДӘУРЕНБЕК ТӘЖІМБЕТОВ "ЕРТІС" САПЫНА ҚОСЫЛҒАН ЖОҚ

ДӘУРЕНБЕК ТӘЖІМБЕТОВ "ЕРТІС" САПЫНА ҚОСЫЛҒАН ЖОҚ

 

Бүгін отандық спорт порталдары "Ордабасы" клубының шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетовтың "Ертіс" сапында оқу-жаттығу жиындарына аттанғанын жазған болатын. Бірақ, мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазір шабуылшы "Ордабасы" клубының сапында. Бұл туралы футболшының өзі Kazfootball.kz тілшісіне айтып берді.
– Мені "Ертіс" сапында жүр", - деген ақпарат жалған. Қазір Стамбулда "Ордабасы" клубының сапында жүрмін. Бірінші оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Енді Шымкентке қайтуға дайындалып жатырмыз. Бұйырса екінші жаттығу жиындарына да "Ордабасымен" бірге келемін. Сол уақытта менің келер маусымда қайда өнер көрсететінім белгілі болады, - дейді футболшы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: