Қызылордалық жеңіл атлеттер Тунистен табысты оралды
Қызылордалық спортшылар пара жеңіл атлетикадан Тунисте өткен Әлемдік Гран-при сериясындағы классификациялық халықаралық жарыста табысты ойын көрсетті.
2021 жылғы Токио паралимпиада ойындарына лицензия алу жарысына әлемнің 62 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрама командасы құрамында қызылордалық бес спортшы бақ сынасты.
Еламан Жоламан найза лақтыру сайысында үздік нәтиже көрсетсе, диск лақтыруда қола жүлдеге ие болды.
Ислам Салимов ұзындыққа секіруде төртінші орынға ие болды. Қалған паралимпиадашылар мықты спортшылардың ондығына кірді.
Гран Придің әлемдік сериясының келесі кезеңі 11-19 сәуір аралығында Италияда жалғасады.