Бірқатар ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Аслан Оразаев "Қайсар" командасының сынағына шақырылды.
Қызылордалық клуб алдағы маусымға қызу дайындығын бастап кетті. Команда басшылары жас футболшыларға да көңіл бөліп отыр. Олардың қатарында Аслан Оразаев та бар.
"Қайраттың" 22 жастағы жартылай қорғаушысы биылғы маусымда Премьер-Лига ойындарында небәрі 1 ойында жасыл алаңға шығу мүмкіндігіне ие болды. Негізінен алматылық команданың қосалқы құрамында ойын көрсетті. 20 ойында 9 мәрте қақпаны дәл көздеді. Ал кәсіпқой футбол лигасының кубогында 8 мәрте мергендігімен көзге түсті.