Былтыр "Қайсар" командасының намысын қорғаған 22 жастағы Кирилл Короткевич енді Қостанайдың "Тобылына" ауысты. Ол аталмыш клубпен келісім-шартқа отырды.
К.Короткевич Жезқазған футболының түлегі. Карьерасын 2009 жылы Сәтпаев қаласының "Қазақмыс" командасының қосалқы құрамында бастаған. Қақпашы одан кейін "Астана-1964", Сәтпаевтың "Қазақмыс", Алматы облысының "Іле-Сәулет" клубтарында ойнаса, былтыр "Қайсардың" қосалқы құрамының негізгі қақпашысы болды.