Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық боксшы қарсыластарын қоғадай жапырды

Ресейдің Анапа қаласында 12 мемлекет қатысқан  жастар арасындағы  бокстан халықаралық турнир аяқталды. Тартысқа толы дүбірлі бәсекеде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді  иеленді. 

Қызылордалық боксшы қарсыластарын қоғадай жапырды

 

Үш алтынның біреуі – қызылордалық спортшының еншісінде. Жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, өзінің мықты боксшы екенін дәлелдеген Сабыржан Әбілов 60 келі салмақта чемпион атанды.
 Арал ауданының тумасы, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Сабыржанды жарысқа Мұрат Қаныбетов пен Ғалым Байғұндиев дайындады. Үстіміздегі жылдың  қараша айында  болатын Азия чемпионатына дайындалу үшін Сабыржан енді 14-24 сәуір айында Испанияда өтетін халықаралық турнирге қатысып, шеберлігін шыңдайды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: