Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Халықаралық турнирде қола алды

Халықаралық турнирде қола алдыЖақында Ресейдің Грозный қаласында Шешенстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші төрағасын еске алуға арналған дзюдодан халықаралық өтті. Оған 16 мемлекеттен 200-ден аса қатысқан спортшы 7 салмақта кімнің мықты екен­н анықтады.
Қазақстаннан 16 спортшы бақ сынасып, тек­ қана жалғыз медаль жерлесіміз Дархан Сержановтың (60 келі) еншісінде болды.
Дархан­ жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, алғашқысында Әзербайжан, екінші кездесуінде­ Ресей спортшысын таза жеңіспен ұтса, жа­ртылай финалда Ресей балуанынан ұпай санымен ұтылып, одан соң дагестандық балуанмен кездесіп, бір ескерту айырмашылығымен турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебін­де жаттығатын Дарханның бапкері – Жанарбек Сансызбаев.
Д.Сержанов дзюдодан 2010 жылғы Әлем кубо­гының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасы 4-ші жазғы спартакиадасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Сондай-ақ, ол самбо және қазақ күрес­імен де айналысады. Самбодан жастар арасында Әлем чемпионы. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: